"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы

07.11.2024

2024-2025оқу жылы КЕШЕНДІ ЖОСПАРДЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз –жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі. Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұныарқылы жүзеге асады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқатән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін: - ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін; - халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін; - әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 07.11.2024 12:39
Құрылған күні: 07.11.2024 12:42

Текст