«Діни экстремизм, терорризмге қарсы құқықтық күрес» атты семинар
Байтерек орта мектебінде 2019 жылдың ақпан айының 22 - жұлдызында облыстық ақпараттық – түсіндіру тобы «Діни экстремизм, терорризмге қарсы құқықтық күрес» атты конфессияаралық келісімге қатысты сұрақтарды талқылау және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында 8 – 10 сынып оқушыларына семинар – кеңес өткізді. Аталған семинар – кеңеске Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының маманы Бекишева Индира, Зеренді ауданы ішкі саясат бөлімінің дін сұрақтары бойынша маман Ескеева Гүлім қатысты.
Қазіргі таңда елімізде өзекті мәселенің бірі дін болып тұрғаны бәрімізге мәлім. Соңғы кездерде күнделікті өмірімізде діни экстремизм, терорризм, сепаратизм деген терминдері жиі ұшырасуда. Осы терминдегі сөздер кездессе ойымызға бірінші дәстүрлі діндер келеді. Осыған орай қазіргі уақытта дінтанушы мамандар, құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мектеп оқушылары, тұрғылықты халық пен жастар арасында көптеген іс- шаралар өткізу тұрақты үрдіске айналып келеді. «Экстремизм- жалпы түрде ешбір мөлшерді, тәртіпті мойындамайтын өзінің шектен шыққан пікірі мен іс- әрекеттері арқылы ерекшеленген адамдарды білдіреді. ХХІ ғасырдың соңғы жылдарында діни жағдайлармен байланысқан экстремизм қанатын кең жайып келеді. Алайда бұл экстремизмнің пайда болу сахнасы саяси орта болғандықтан, шын мәнінде діни экстремизм бола алмайды» - деп Бекишева Индира бейнероликтер көрсетіп слайд арқылы баяндама жасады. 8 – 10 сынып оқушыларының тақырып бойынша қойылған сауалдарға жауап берді.
![]() |
Байтерек орта мектебінің тәрбие ісінің орынбасары Депу А.