"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ана –өмірімнің шуағы !

17.03.2019

Ана-дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана-дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана –деген бәйтерегі өмірдің,

Ана –деген алтын қазық,алтын бақ.

   Әйел-ананың есімі көне заманнан бері құрмет пен беделге ие болып келеді.

Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді,ақ орда салуды қаламайды.Ана баласының ер жетіп,адам болуын қалайды.

Анаға осыдан артық тарту-таралғының,бақыттың керегі жоқ.

       8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні.Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей.Өйткені,көктем секілді әйел-аналар да адамзатқа өмір,жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?

   Мереке қарсаңында Бәйтерек орта мектебінде  5 «А» сыныптың жетекшісі Шакенова Марияш Сабырқызы мен даярлық тобының жетекшісі Тандаева Қарлығаш Көпжасарқызының ұйымдастыруымен «Ана өмірімнің шуағы»  атты мерекелік  концерт өтті.Мектебіміздің директоры Сәндібек Нұршәріпұлы ақ жаулықты әжелерімізді,  аяулы аналарымызды,ару қыздарымызды 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

   Аналардың құрметіне 1 «Б» сынып оқушылары Арыстамбекова  Альнура,Кравец Ангелина,Глушак Екатерина «Мая мама лучшая на свете»,

10 «Б»сынып оқушысы Ганн Регина мен 5 «Б» сыныптың оқушысы Гантарук Татьяна «Ты одна»,4 «Б»сынып оқушылары Шальнева Лиза мен Глушак Дарья «Мама»,5 «А» сынып оқушылары Ақылбаева Аружан мен Арғын Самира «Ана»,6-сынып оқушылары Омар Жанар мен Гонтарук Ангелина

« Моя мама» және 8«А» сынып оқушыларының «Абзал ана»  әсем әндерін орындау арқылы  аналарына деген сүйіспеншілік сезімдерін білдірді. Көрермендер жас әншілерімізді  қошеметпен қарсы алды.

  7 «Б» сыныбының оқушысы Глушак Владимир қазақ халқының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Шеше! Сен бақыттысың!» өлеңін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды.Ал даярлық топ және бастауыш сынып оқушылары аналарына арнап гүл сыйлап, өлең оқып,өз қолдарымен дайындаған сыйлықтарын табыс етіп,аналарын қуантты.

 9 «Б» сыныптың оқушылары сахналық көрініс қойды.

 5-6-7-8 «Б» сыныптың оқушылары Бахыт Саян,Шальнев Артем,

Панасюра Данил,Фролов Райнгольд,Глушак Владимир «Самый лучший день» өлеңін айтып көрермендердің  қошеметіне бөленді.

 

 

 

  Сахна төріне  мың бұралған бишілер тобы шықты. Көрермендер

5-сынып оқушыларының орындауында  вальс биін тамашалады.  8-9 сыныптың оқушылары Мұрат Мөлдір,Қайырбек Жанар,

Набоко Елена ,Жайлаубаева Аяна  «SWALLA» замануи биін

билеп ,көрермендердің көңілін көтерді.

   Мереке соңында ата-аналар комитетінің төрайымы  Блоха Татьяна  Викторовна  концертке келген қонақтарды мерекемен құттықтап,аналарға жүрек шарларын таратты.

     Аналарға арналаған мерекелік концерт өте көңілді өтті.

 

                                                                 Шайкенова Алмагүл Қабенқызы

                                                                қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Просмотров: 419


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст