Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі.Отбасы-адам баласының алтын діңгегі.Ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап ата –анасының ыстық құшағы мен аялы алақанында өсіп –өнеді.Отбасыны кейде кішігірім мемлекетке теңейміз.Әр мемелекетте өзінің ерекшеліетері болатыны секілді әр отбасының да өзіне тән ерекшелігі,әлеуметтік жағдайы,тыныс –тіршілігі болады.Әр отбасындағы бала әр түрлі тәрбие алады.Баланың дұрыс өсіп жетілуіне,тиісті тәрбие алып,білімді азамат болып қалыптасуына ортаның да маңызды рөл атқаратыны анық.Мәдени, рухани орта деп жиі айтамыз.Міне,алдымен осындай отбасында қалыптастыру керек екендігінде дау жоқ.Сол себепті де ұрпақ тәрбиесіндегі баланың бас ұстазы- ата-анасына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Отбасының беріктігін,ынтымағын сақтау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.Мәселен: «Елімізде бір жыл ішінде 140 мың адам отбасын құрса,соның 40 мыңы ажырасады,» -дейді социология ғылымдарының докторы,профессор З.Жолдасбекқызы. Баланың әрбір әрекеті,тәрбиесі,киім-киісі,білімге зейінді-зейінсіз екені оның қандай отбасынан шыққанын ,ата –анасының қандай адамдар екенінен хабардар беріп тұрады.Баланы ата –анасының бет әлпетін,тыныс тіршілігін ,тәрбиесін көрсетіп тұратын айнасы деседе болады. Отбасы, ошақ қасы –қалай десек те адам өмірінің сан қырлы,күрделі қарым –қатынасы өтетін жер,мінез- құлықта осында қалыптасады,үйдегі тәртіп бүкіл ғұмырының бағытын белгілейді.Қолынан іс келетін білікті,білімді парасатты басшылар ,әдетте ынтымағы берік отбасында өсіп,жан-жақты тәрбие алған азаматтардан шығады.қазақ мемлекетінің шаңырағын бекем орнықтыру –басты мақсат,ұлы мұрат.Ата дәстүрімізді қайта жаңғырту арқылы көптеген өзекті мәселелер өз шешімін табатынына сенім мол. «Отбасы –қоғам -мемлекет»деген алтын арқау,жібек желіні әрмен қарай жалғастыру баршамыздың басты міндетіміз болып қалуы керек. Бала тәрбисі ана сүтінен басталып,өмір бойы қалыптасқан күрделі құбылыс.Тәрбинеің ең алғашқы негізі отбасында қаланады да,одан әрі балабақшамен байланыс байланыс арқылы жалғасады.Отбасындағы тәрбие мақсатына субъективтік рең беретін нәрсе ол әрбір ата –ананың өз баласын қандай етіп өсіргісікелетіндігіжөнінде түсінігінің болуы.Мұнда баланың жеке ерекшеліктері және бейім қабілеттері назарға алынады. Отбасы мүшелерінің,сондай-ақ отбасы мен балабақша арсындағы,тәрбиелеу ұғымындағы кереғар пікірлер баланың жалпы дамуы мен жүйке психикасының дамуына кері әсерін тигізбей қоймайды.Жекелеген нақты отбасыларындағы тәрбие мақсатын анықтауда ата –аналар балалардың жеке және жас ерекшеліктері туралы,олардың даму тенденциялары кезеңіндегі ерекшелігі туралы білікті түсініктердің болмауы салдарынан қателіктерге ұрынып,тығырыққа тіреледі.Сондықтан ата –аналар кәсіби маманданған педагогтармен жиі ақылдасып,бала тәрбиесінде көмек алып отыруы өте қажет.Сонымен,бала тәрбиелене отырып, ойын,оқу іс әрекеттері барысында білім алады.Баршамызға мәлім,отбасы бала үшін-өмірлік маңызды әлеуметтік орта немесе микросоциум,сондықтан бұл ортаның рөлі үлкен.Отбасының жылылғы мен махаббаты –баланың өзіне деген сенімін арттырып,болашаққа нық басуға зор ықпал береді.Отбасындағы ересектердің мінез –құлқына,мәдениетіне,іс –әрекетіне қарап өсіп,тәрбие көрген баланы бірден көруге болады. «Бақытты балалық шақ»деген ұғымның отбасы мен балабақшаның тығыз байланыста ұйымдастырылған жұмысының нәтижесі десек,артық болмас.Мектепке дейінгі білім –тәрбие беретін мекемелер мен отбасы арасындағы өзара қарым –қатынасты жетілдіруге негізделген бағыттар:-Педагогикалық және психологиялық сауттылықты жетілдіру.-Балалардың шығармашылық іс –әрекетін дамыту.-Қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірібие алмасу. Міне,осындай негізгі бағыттарды іске асыру үшін мектепке дейінгі мекемелер мен отбасының арасында тығыз сабақтастық қажет.Өйткені осы бағыттағы тәлім тәрбие бірлесе,ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болуы ықтимал.