"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

" Зимнее веселье"

18.11.2019

Технологиялық карта                                                                                                                    Білім ортасы: «Шығармашылық».                                                                      Білім бөлімі: «Аппликация».                                                                                             Тақырыбы: «Қыс қызығы».                                                                                                                     Мақсаты: Қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту.                                  Білімділік: Қыс мезгілі, қысқы ойындар, қысқы табиғат жайлы түсінік беру.                                                                          Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық қасиеттерін, тілін, сөздік қорын дамыту. Оқу іс-әрекетіне қызығушылықтарын арттыру.                                              Тәрбиелілік: Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.                                                                                                Қолданылған әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, топшамен, ӨТШТ, тәжірибелік, көрнекілік, «Иә-жоқтар» ойыны.                                                                                               Көрнекілігі: суреттер,плакаттар, қар, қолғаптар, санта-клаус бас киімі.                                                                                Алдын-ала жұмыс: шырша, аққала, қар әзірлеу, тақпақтар мен мақалдарды жаттау.                                                                                                                       Қостілділік компонент: қар-снег, қыс-зима, снеговик-аққала.

Іс-әрекет кезеңдері

                 Тәрбиешінің   іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Ынталандыру кезеңі

Шаттық шеңбері.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал кәнеки бәріміз

Сәлем дейік үлкенге.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып,өлең жолдарын қайталайды,

сәлемдеседі.

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар, бүгін бізде Аппликация оқу қызметінен ашық сабақ.Тақырыбымыз: «Қыс қызығы». «Айналайын» ортаңғы тобы.

 

-Балалар, бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-Қазір қандай жыл мезгілі?

-Күз мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі келеді?

«Қыс туралы» әуен.

-Қыс айларын атаңдар...

-Бір аптада неше күн бар?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

 

«Иә-жоқтар» ойыны.

-Қар қандай?

Қарды көрсету, тәжірибе(қардың сықырлаған дыбысы).

-Қыста қандай ойындарды ойнауға болады?

«Шаңғы тебу» ойыны. (қолғап, санта-клаус бас киімі, көңілді әуен).

Ғажайып сәт. Топқа Спанч-боб келеді.

Спанч-боб:Қайырлы таң балалар, апайлар! Мен Спанч-бобпын. Мені Аяз ата балабақшалардағы балалардың білімін, тәртібін тексер деп жіберді. Сондықтан, міне мен сендерге де жетіп қалдым.

 

-Сәлеметсіз бе, Спанч-боб.Қонақ болыңыз.Төрлетіңіз.

 

-Балалар, кім қыс мезгілі туралы тақпақ біледі?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Кім қыс туралы мақал-мәтелдер біледі?

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар, орындықтарға отырыңдар.Жұмыстарымызды жалғастырайық. Аппликация. 

 

1- топ «Аққала»,

2- топ  «Шырша».

3- топ «Қар».

(сиқырлы әуен).

Сергіту сәті.

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар атысып ойнасақ,

Су болады қолғаптар.

 

Спанч-боб: Балалар! Сендер маған өте ұнадыңдар.Аяз ата қуанатын болды.Себебі, сендер ақылды, тәртіпті, еңбекқор екенсіңдер. Мен жолға аттанайын. Рахмет. Сау болыңдар.

 

 

 

 

Балалар сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Апта деген ағайдың

Жеті бірдей ұлы бар.

Біріншісі-дүйсенбі,

Екіншісі-сейсенбі,

Үшіншісі-сәрсенбі,

Төртіншісі-бейсенбі,

Бесіншісі-жұма,

Алтыншысы-сенбі,

Жетіншісі-жексенбі.

Балалар жауап береді.

Ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мансұр

Далалада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

 

Елдос

Жапалақтап ала қар

Жауды күнде қайталап.

Қырға шығып балалар,

Шаңғыларын арқалап.

Нұрай

Ақ қар көп болса, ақ нан көп болады.

 

Инайя

Қыстың көзі қырау.

 

Балалар еңбектенеді.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар серігеді, қар атысады.

 

 

 

 

 

 

Сау болыңыз!

Рефлексивті түзетушілік

-Балалар, сендерге бүгінгі ашық оқу қызметіміз ұнады ма?

-Бізге кім қонаққа келді?

-Сендер өз қолдарыңмен не жасадыңдар?

Балалардың жауаптары.

 

Күтілетін нәтиже:

    Нені білу керек: Қыс мезгілі туралы

Нені игерді: Танымдық, шығармашылық қасиеттерін

Нені біледі: Табиғатқа, қоршаған ортаға қамқор болуды

Просмотров: 711


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст