«Батыр Баян -қазақ поэзиясының асыл қазынасы,халық мұрасы»
Батыр Баян - қазақ поэзиясының ұлттық құндылығы.
Біріншіден, қазақ халқы намысқой халық.
Қоянды қамыс өлтіреді,
Ерді намыс өлтіреді.-деп бекер айтпаған.Осындай қасиет Батыр Баянда да кездеседі.Поэмада Батыр Баяның намысшылдылығы елінің намысы үшін туған інісін өлімге қиғанда көрсетіледі.Екіншіден, қазақ халқы өте арлы,әділ халық.Малым жанымның садақасы,жаным арымның садақасы-деп айтады. Қазақ халқы әрдайым ұятты жоғары қояды. Батыр Баян інісін оққа ұшырған соң өз ар-ұятымен арпалысады. Үшіншіден, елін,жерін,халқын шексіз сүю нағыз ұлтжандылық. Батыр Баян елі,жері,халқы үшін
қалмақтармен соғысып, қалмақтарға тойтарыс береді. Төртіншіден, қазақ халқы қыз баланы қадірлеген қонақ деп есептеген бетінен қақпай өсірген ,мәпелеген.
Қыз-қонақ
Қыз бала-кісінін кісісі
Қыздың жолы жіңішке
Қыз өріс
Қыз ауылдың көркі деп есептеген.Поэмада Батыр Баян қалмақ қызына зорлық- зомбылық көрсетпей мәпелеп , қарындасындай көрген,ал қыз болса ,Батыр Баянға опасыздық жасады.Бесіншіден, қазақ халқы сөз қадірін білген,сабырлы әрі антқа берік тұратын халық.Кешірімді халық.Абылай ханның
бейнесінен кешірімшіл қасиет байқалады. Кешірімділігі қалмақтарды бір жолға кешіргенінде байқаймыз.Ал Баян намысшыл болғандықтан қалмақтардың соңынан қуып кетеді және ерлікпен қаза табады. Абылай хан әділ және ақылды, би-батырлармен ақылдасып әділ шешімдер қабылдайды.
Осы поэма маған қатты ұнайды.
Поэманы оқи отырып түрлі көңіл күй кештім . Поэма маған үлкен әсер берді.
Батыр Баян дастаны ұлтымыздың асыл қазынасы әрі халық мұрасы деп түсінемін .Себібі бір поэма тақырыбында қазақ халқының ұлттық құндылығы мен қадір-қасиеті айқын
бейнеленген.
7 - сынып оқушысы: Жетістікова Гүлшынар