Мейірім төгетін Ана!
Байтерек негізгі
мектебінде «Мейірім төгетін ана!» атты кітапхана көрмесі өтті.
Мақсаты:
Оқушылардың бойына
мейірімділікті, адамгершілікті, қайырымдылықты қалыптастырып, өзін-өзі тануға тәрбиелеу.
Кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітап және өзін-өзі тану журналдары қойылды. Оқушылар көрмеге қойылған кітаптар мен журналдарды қарап, біраз мәліметтер алды. Сонымен қатар Сара Алпысқызы туралы
слайдтар көрсетіліп, ел анасы туралы мәліметтер берілді. Сара Алпысқызы Назарбаева
12 ақпан күні 74 жасқа толады. Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының
негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып,
өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән
береді. «Өзіңді өзің таны» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру
және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады. Қазақстанның бірінші
ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды.
Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық
үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт», жасөскіндер үйлері ашылуда. Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілігін дамыту, қоғам туралы және бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама дайындаған. Назарбаева
С.А. қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, Философияда өзіңді - өзің
таны және оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І –
дәрежелі алтын медалімен, «Юнити» халықаралақ сыйлықтың, СОС Киндердорф
Халықаралық қорының алтын медалі, БҰҰ – ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш
медалі, Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық
сыйлығы, Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлықтарымен марапатталғаны жайында
мәліметтер берілді.
Кітапханашы:Таңдаева Қ.К.