Текст
11 - қарашада ауданымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты аудандық мектеп орманшылар, экологтар, жас натуралистер слетінен конкурс өтті. Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің мәдениетін практикалық әрекет процесінде зерттеу және сақтау бойынша табиғи мұрасын жандандыру. Мектебіміздің "Жасыл өлке" оқушылар тобы, жетекшісі Салтанат Гапурқызымен бірге барып қатысты. Ауданымыздың 13 орта мектептерінен артқа қалдырып, үлкен жетістікке жетіп І - орынды қанжығаларына байлады. Осындай жетістіктері үшін мектеп әкімшілігі атынан зор денсаулық, алдағы уақытта үлкен жетістікке жетіп мектебіміздің мақтанышы болып, еліміздің патриотты ұлы мен қыздары болып өсуіне тілектеспіз.