Биылғы оқу жылының соңында көптен күткен 9-сынып түлектерінің мектеп бітіру салтанатты кештігі мектебімізде айтарлықтай атап өтілді. Салтанатты кештікке ауыл әкімі,ұстаздар,ата-аналар туған-туыстарымен түлектерді құттықтауға көптеп жиылды. Бұл кештіктің ашылуына алғы сөзімен ауыл әкімі мектеп бітіруші түлектерге жүрек жарды ізгі тілектерін білдіріп,түлектерге ақ жол тілеп, кішігірім сыйлықтарын табыс етіп лебізін білдірді. 9-сынып оқушыларының бойындағы ізгі қасиеттері мен өнерлерімен сипаттай отырып, әрбір түлек сахна төріне арнайы орындарға жайғасты. Мектебіміздің биші, әнші балалары түлектерге арнап арнайы өз өнерлерін көрсетті. Мектеп директоры Нұршәріп С. мен оқу ісінің меңгерушісі Джунусов Б.Р. 9 - сынып оқушыларына негізгі орта білім аттестаттарын табыс етіп, оқушыларға жақсы тілектер айтып, алғыстарын білдірді. Бұл кезеңде әрбір оқушының ата –аналары мен туған –туыстары өз балаларын
құттықтап, гүл шоқтарын табыс етіп, мәре –сәре болды.Бітіруші түлектер білім берген ұстаздарына арнап ән шашулары мен би өнерлерін арнап,гүл шоқтарын тарту етті.Бітіруші түлектер кештігі өте тартымды өтілді.Салтанатты кешіміз арықарай би кешімен ұласты.Бітіруші түлектерге ақ жол, сәт –сапар тілейміз!