2016 – 2017 оқу жылындағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімінің
шығармашылық есебі
Аты – жөні:
Нұршәріп Ержанат
Өтілі: 18 жыл
Санаты: жоғары
2016 – 2017 оқу жылында дене шынықтыру пәнінен 18 сағат еңбек пәнінен 3 сағат жүктеме бойынша сабақ өткіздім. Алға қойған проблемалық тақырыбым: «Оқушылардың дене бұлшық еттерін дамыту, қозғалмалы ойындарға қызғушылықтарын арттыру». 2016 жылы қыркүйектің 10 – күні «Денсаулық 2017» фестивалін өткіздім. Осы күні ұйымдастырылған алуан түрлі шараларға мектебіміздің 84 оқушысы, 22 мұғалімдер қауымы және ауыл әкімдігімен ауыл тұрғындары қатысты. Денсаулық фестивалі жалпымектептік жиынмен басталды. Онда мектеп директоры Нұршәріп С. жиналғандарды осындай маңызды шараның басталуымен құттықтап, салауатты өмір сүру маңыздылығына тоқталып, денсаулық фестивалін өткізу игі дәстүрге айналғанын атап өтті. Флешмобьмен ашылу салтанаты басталып, одан әрі жеңіл атлетикадан жүгіріс жарыстарын Мектепте салауатты өмір салтын ұстанған оқушыларымен қатар мектеп ұстаздар және жұмысшылар қатысып кезеңдермен жастарына байланысты әртүрлі қашықтықтарға жарыс ұйымдастырылды.