Байтерек негізгі мектебінде 25.05.2016 ж «Сыңғырла,соңғы
қоңырау!» атты салтанатты жиын өткізілді. Мектеп спорт залы түрлі - түсті
шарлармен, жалаушалармен безендірілді. Жиынға ата-аналар, қонақтар, ұстаздар,
мектеп түлектері және 1-9 сынып оқушылары қатысты. Қонаққа Зеренді ауданының дене шынықтыру және спорт
бөлімінің башысы Шакиржанов Нұржан Нұрғалиұлы және Зеренді аудандық ішкі істер бөлімнің жергілікті полиция қызметкері Сабазов Радж Абдуразақұлы және іс-шараларға демеушілік
еткен ағаларымыз шақырылды. Биылғы соңғы қоңырау мерекесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өтті. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ.
Соңғы қоңырау соғу рәсімін орындау құрметі мектебіміздің 9 - сынып оқушысы Диль Настя және 1 - сынып үздік оқушысы Арыстамбеков Мансурға берілді.