"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Анашым-асыл қазынам!»

15.03.2017

«Анашым-асыл қазынам!»

 «Жер бетіндегі жақсылық,ізгілік,қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды»,-деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай,адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан ,ананың ақ сүтінен таралған.

  «Бүгінгі күн-ерекше нұрын төккен,барлық дүние ұйқысынан оянған көктемнің алғашқы шуағын шашып,аналарды шабытқа бөленген күн.Барлық алғысымыз,сыйымыз аналарға арналады.Ана-бұлақ,ана-пана,ана ардақты,ана аяулы,ана барлық әлемге шуақ шашып,шаттық тілейді.Ананы мәңгі қастерлеп,құрметтеп көрсету,қамқорлық жасау-әрбір баланың парызы.Байтерек негізгі мектебінде     8 - Наурыз аналар мейрамына орай даярлық тобы   мен    шағын орталық    тобының бүлдіршіндері аналарына арналған «Анашым-асыл қазынам!» атты мерекелік ертеңгілік өткізді. Ертеңгілікке

бүлдіршіндердің аяулы аналары, мейірімді әжелері  және басқа да қонақтар қатысты. Көктемнің алғашқы мерекесінде бүлдіршіндер бар өнерін  аямай ортаға салды.  Жыр – шумақтарымен ана-апаларын құттықтаса, бірі әннен шашу шашса, бірі билеп қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ертеңгілікті даярлық тобының мұғалімі Таңдаева Қарлығаш Көпжасарқызының   тынымсыз ізденісі мен тыңғылықты даярлығының нәтижесінде жоғарғы деңгейде өткізілді. Ертеңгілік соңында қонақтар ризашылығын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Байтерек негізгі

мектебінің дяарлық тобының мұғалімі Таңдаева Қ.К.

Просмотров: 456


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст