"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазіргі білім беру жүйесіндегі ұстаз бейнесі

01.03.2017

Қазіргі білім беру

жүйесіндегі ұстаз бейнесі

 

«Ұстаз - жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың еш нәрсесін ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз, ақыл иесі, ...мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек», - деп ұлы ғұлама, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, Әл – Фараби бұл мамандық иесіне қойылатын шарттарды санамалап берген. «Жақсы мұғалім – маған бәрінен де қымбат, себебі ол –мектептің жаны», - екенін айтқан ағартушы Ыбырай атамыздың бұл сөзі айтылған ойды одан әрі жалғастыра түседі. Біз, өмір салтымыз, сөз саптауымыз бен ойлауымыз, қолайлы жағдайға жету мүмкіндіктерімізді түбегейлі өзгерткен ақпарат құралдары жаңғыруы дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Адам миының қуаты,  білімі мен әр іске шығармашылық сипат беруі  жылдар өткен сайын қоғамның негізгі капиталы ретінде қолданылады. Осыған орай әлемдік қоғамдастықта білім беру жүйесі маңызды ресурстар сатысына көтеріліп отыр. Себебі, қай дәуірде

болмасын, білім беру адамзаттың барлық басқа да қызмет аясының дамуына ықпал бола білгені тарих беттерінен аян. Мектеп – шығармашылық ойлау қабілеті және жалпы адами қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелейтін, білім беру жүйесінің маңызды буыны болып табылады.  «Білім беру жүйесінің

2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында» - білім берудің басты мақсаты  жаңа ақпаратты дер кезінде түсініп, қабылдап оны талдай алатын, дұрыс таңдау жасай білетін, сонымен қатар өмірінің барлық

кезеңдерінің  өзгеру жағдайларына бейімделе алатын тұлға тәрбиелеу мәселесі  алға қойылған.

Ұстаздан, педагогикалық  үрдістің, мектептегі болып жатқан  өзгерістердің басты тұлғасы ретінде,  қызметін жаңа педагогикалық құндылықтарға қайта бағыттауды талап етеді. Осыған орай, ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдау  - зерттеу, шығармашылық жұмыстарға ден

қою мәселесі және ашыла  түседі .

Бүгінде мұғалімнің зерттеу дағдыларын меңгеруі - оның педагог ретінде қалыптасуының шартына айналған білім берудің әдіснамасына сай, өзінің жеке қызметін негізді түрде тұжырыммен

айқындап, түсінік бере  алуына жол ашады. Тек, мұндай мұғаліммен ғана сапалы білім туралы сөз қозғауға болатыны анық. Қорыта айтқанда, сапалы білім – қоғам дамуының, ұлттық мәдениет пен өзіндік сананың көрсеткіші. Ал, білім кілті - бұрындары кітапта десек, қазіргі таңда ұстаздар қолында деп айтуға толық дәлел бар!




 

 

Просмотров: 590


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст