8 – сынып 3-
тоқсан
Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Бесеудің
хаты» драмасы. Драмадағы өмір шындығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығымен тереңірек таныстыру, «Бесеудің хаты» тарихи драмасының мазмұнын, бейнеленген адамдар тағдыры арқылы танылатын өмір шындығын, автор
идеясын ұғынту;
Дамытушылық: қазақ халқының ашаршылық жылдарындағы қайғылы кезеңдері мен тарихи бастан кешкен қасіретін таныту, ой-өрісін шыңдау, сыни көзқарасын қалыптастыру;
Тәрбиелік: оқушыларды алғырлық пен өжеттілікке баулу, елін, жерін , халқын сүюге, отаншылдық, ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары
Сабақтың түрі: зерттеушілік сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Шерхан Мұртазаның, Тұрар Рысқұловтың, И.В.Сталиннің, Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков пен Мұташ Дәулетқалиев, Қадыр Қуанышев, Голощекиннің суреттері, бейнебаян.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, әрі сыныпты екі топқа бөлу.
«Мен - мақсат адамы» психологиялық
дайындық
Жігер деген - МЕН
Күш деген - МЕН
Махаббат деген -МЕН
Кешірім деген - МЕН
Жастық деген - МЕН
Денсаулық деген - МЕН
Жарқындық деген - МЕН
Бар ғажайып деген - МЕН
Бәрі маған байланысты -
Бәрі менің қолымда.